+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясының (ҚҚХҚА) делегациясымен кездесу

2023 жылғы 25 сәуірде ССЗИ Басқарма мүшелері Болат Нұрғалиев, Амангелді Тәженов және Манарбек Қабазиев Еуразиялық зерттеулер институтының директоры Дин Сяосин бастаған Қытай қазіргі заманғы халықаралық қатынастар академиясының (ҚҚХҚА) делегациясымен кездесті.

Б. Нұрғалиев қытайлық әріптестерін институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ халықаралық қатынастардың қазіргі жай-күйіне, өңірлік қауіпсіздік саласындағы өзекті мәселелерге және Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясының іске асырылу барысына баға берді. Саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы қазақстан-қытай қатынастарының нақты мәселелері бойынша пікір алмасты. Бірлескен зерттеулер мен іс-шараларды жүргізу кезінде ССЗИ мен ҚҚХҚА арасындағы өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.