2026 жылғы 25 шілдеде «The Astana Times» халықаралық басылымы Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Омбы қаласында өткен Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастығының XXII форумы шеңберінде өткен келіссөздеріне арналған материалды жариялады. Басылымда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтің түсініктемесі ұсынылды.
Екіжақты ынтымақтастықты дамытудың заманауи үрдістеріне түсініктеме бере отырып, М. Қабазиев Қазақстан-Ресей өзара іс-қимылы жаңа сапалы деңгейге көтеріліп жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, Қазақстан мен Ресей бірте-бірте сауда қатынастарының дәстүрлі моделінен неғұрлым терең өнеркәсіптік және технологиялық кооперацияға көшуде, мұнда өзара сауда көлемін ұлғайту басымдыққа емес, қосылған құны жоғары ұзақ мерзімді өндірістік тізбектерді қалыптастыруға айналады.
Сарапшы мұндай трансформация екі елдің экономикалық әріптестігінің эволюциясын көрсететінін және бірлескен индустриялық жобаларды іске асыруға, технологиялық ынтымақтастыққа және өндірістік кооперацияны дамытуға негізделген өзара іс-қимылдың неғұрлым орнықты нысандарына көшуді айғақтайтынын атап өтті.
Материалдың толық нұсқасымен «The Astana Times» сайтында танысуға болады: https://astanatimes.com/2026/07/tokayev-and-putin-discuss-ukraine-nuclear-energy-and-strategic-partnership-in-omsk/
.png)
.png)