А.ж. 1 маусымда Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов және Талдау және болжау тобының қызметкерлері Қытай қоғамдық ғылымдар академиясы жанындағы Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институтының өкілдерімен - аға ғылыми қызметкер Гао Ханьсюньмен және жетекші ғылыми қызметкер Ли Жуйсамен жұмыс кездесуін өткізді.
Кездесу барысында тараптар өздері жұмыс істейтін зерттеу ұйымдары қызметінің негізгі салалары туралы ақпаратпен бөлісті. Сонымен қатар Қазақстан мен Қытай қатынастарының өзекті мәселелері, ШЫҰ және АӨСШК сияқты халықаралық бірлестіктер шеңберіндегі екі елдің ынтымақтастығы, Ауғанстандағы ахуал туралы және оның өңірлік қауіпсіздікке тигізетін ықпалын талқылады. Қазақстандық және қытайлық сарапшыларды қызықтыратын мәселелерді өзара тиімді талқылау үшін осындай жұмыс кездесулерін жалғастыру уағдаластығына қол жеткізілді.