+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қытайдың Қазақстандағы Елшісімен кездесуі

Ү. ж. 6 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев пен Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Әмір Башбаевтың Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Чжан Сяомен жұмыс кездесуі өтті.

Сұхбаттасушылар а.ж. 18-19 мамырда мемлекет басшылары деңгейінде Сианьда өткен Қытай - Орталық Азия саммитінің,\
 Президент Қ. Тоқаевтың ҚХР-ға ресми сапарының қорытындыларын, Қазақстан-Қытай қатынастарының, өңірлік және халықаралық ахуалдың өзекті мәселелерін талқылады. Өзара қызығушылық тудыратын мәселелерді талқылау үшін тұрақты кездесулер барысында пікір алмасуды жалғастырудың маңыздылығы атап өтілді.