+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қазақстанның дипломатиялық қызметі күніне арналған салтанатты іс-шаралар

2023 жылғы 1 шілдеде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев жыл сайын 2 шілдеде аталып өтетін Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі күні қарсаңында Институт ұжымының салтанатты жиналысында сөз сөйледі.

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруға қосқан белсенді үлесі үшін ССЗИ бірқатар қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің Құрмет грамоталары және алғыс хаттарымен марапатталды. 

Аталған күні Б. Нұрғалиев ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен салтанатты жиынға қатысты. Дипломатиялық қызмет ардагерлері мен СІМ Орталық аппараты қызметкерлерінің қатысуымен Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Нұртілеу сыртқы саясат ведомствосының жетістіктері және оның Мемлекет басшысының Әділетті Қазақстан құру жөніндегі стратегиялық бағытын іске асыруға қосқан үлесі туралы баяндама жасады.

Мерейтойлық іс-шаралар туралы фото есептер қоса беріледі.