2023 жылғы 24 тамызда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қазақстанның Швейцариядағы Елшілігі мен Швейцарияның бейбітшілікті зерттеу институты ұйымдастырған «Ядролық сынақтар мұрасына үндеу: алынған сабақтар мен перспективалар» атты тақырыбындағы сараптамалық талқылауға онлайн форматта қатысты.
Іс-шара Халықаралық ядролық сынақтарға қарсы іс-қимыл күніне орайластырылып, Қазақстанның ядролық қарусыздану және таратпау саласындағы бастамаларына арналды. Форум қатысушылары ядролық қарусызданудың өзекті мәселелеріне қатысты өз ойларымен бөлісті.
Б. Нұрғалиев «Қазақстанның жаппай қырып-жою қаруын бақылау және болашаққа қорытынды» атты тақырыбында баяндама жасады (сөз мәтіні қоса беріледі).