2023 жылғы 5-6 қыркүйекте Өскемен қаласында Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев Қазақстанның ядролық қоғамы қауымдастығының 30 жылдығы орай «Ядролық энергияны бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың рөлі» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Шараға Қауымдастықтың президенті В.Школьник, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Е.Көшербаев, Энергетика министрінің орынбасары Ж.Нұрмағамбетов, Қазақстан Республикасының атом өнеркәсібі кәсіпорындарының басшылары, Халықаралық ғылыми-техникалық орталық және «Росатом» мемлекеттік корпорациясының өкілдері қатысты.
С.Савельев өз сөзінде ядролық қаруды таратпау режиміне төнетін жаңа сын-қатерлер мен қауіп-қатерлерге, сондай-ақ, Ядролық қаруды таратпау туралы шарт бойынша шолу конференциясына (Женева, 2024 ж.) және Ядролық қаруға тыйым салу туралы шарттың 3-ші конференциясына (2026 ж.)дайындық комитетінің 2-ші отырысында Қазақстанның алдағы төрағалығының басымдықтары туралы өз көзқарасымен бөлісті.
Дөңгелек үстелдің қорытынды отырысына С.Савельев модераторлық етті.