+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ САРАПШЫСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ӨЗБЕКСТАН ЕЛШІЛІГІНДЕГІ «ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ» ЖҰМЫСЫНА ҚАТЫСУЫ ТУРАЛЫ

2023 жылғы 6 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Гүлден Қасқарбаева ҚР-дағы Өзбекстан Елшілігі ұйымдастырған «Өзбекстан–2030 стратегиясы» тақырыбындағы «дөңгелек үстелге» қатысты.

Іс-шара барысында   Қазақстан мен Өзбекстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар және олардың екіжақты ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына ықпалы жөнінде пікір алмасылды.

«Дөңгелек үстел» жұмысына ҚР дипломатиялық корпусының өкілдері және екі елдің талдау орталықтарының қызметкерлері де қатысты.