+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Польша СІМ делегациясымен кездесу туралы

2023 жылғы 9 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Польша СІМ Шығыс Департаменті Директорының орынбасары Радослав Дарский бастаған делегациясымен кездесті.

Б. Нұрғалиев поляк дипломаттарын Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, халықаралық жағдайдың өзекті мәселелеріне, өңірдегі ағымдағы геосаяси жағдайға қатысты өз ойымен бөлісті және Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясын іске асырудың негізгі қағидаттары туралы айтты.

Кездесуге Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Әмір Башбаев, Сыртқы байланыстар бөлімінің бастығы Меруерт Ермекова, Польша СІМ Шығыс департаменті Орталық Азия Басқармасының басшысы Пьетр Козловский және ҚР-дағы Польша елшісінің орынбасары Томаш Коллат қатысты.