2023 жылғы 17-21 қазанда Астанада «Орталық Азия бойынша мектеп» жыл сайынғы білім беру бағдарламасы өтті. Іс-шараны А.М. Горчаков атындағы жария дипломатияны қолдау қоры және «Еуразиялық мониторинг» талдамалық зерттеулер орталығы ұйымдастырды.
Мектептің ашылуында Институт Басқарма төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов сөз сөйледі. Іс-шараға ССЗИ қызметкерлері де қатысты.
Панельдік сессиялар барысында Орталық Азия елдерінің әлеуметтік-экономикалық, саяси және мәдени салалардағы өзара қарым-қатынастарын жан-жақты дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.