2023 жылғы 18-20 қазан аралығында Шанхайда (ҚХР) ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев қауіпсіз, инклюзивті және орнықты әлемдік тәртіпті орнату мүддесінде халықаралық қауіпсіздік, өзекті тәуекелдерді азайту және мемлекетаралық ынтымақтастық саласындағы ағымдағы ахуалдың сын-қатерлері мәселелері бойынша «дөңгелек үстелге» қатысты. Іс-шараны Шанхай халықаралық зерттеулер академиясы ұйымдастырды және оған ҚХР, Ресей, АҚШ, Сингапур, Оңтүстік Африка және ГФР серіктестік аналитикалық құрылымдарының жетекші сарапшылары қатысты.
Симпозиум барысында «Қытай-АҚШ» диалог алаңы сарапшыларының бейресми консультациялары өтті, оған ССЗИ Басқарма Төрағасы оның қару-жарақты бақылау және алдын алу дипломатиясы саласындағы жұмыс тәжірибесін ескере отырып шақырылды.