+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Халықаралық симпозиумға қатысу

2023 жылғы 24 қазанда Бейжіңде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Қытай халықаралық зерттеулер институтының шақыруымен Қытай Коммунистік партиясының Орталық Комитеті жанындағы Сыртқы саяси мәселелер жөніндегі комиссиясы және ҚХР Сыртқы істер министрлігі ұйымдастырған «Тату көршілік: достық, шынайылық, өзара пайда және инклюзивтілік Қытай көршілік дипломатиясының 10 жылдығы» атты Халықаралық симпозиумына қатысты. Қытаймен көршілес мемлекеттердің жоғары өкілдерінің қатысуымен өткен симпозиум 2013 жылы ҚХР Төрағасы Си Цзиньпиннің Ұлы Жібек жолы кезінде қалыптасқан ынтымақтастықтың керемет дәстүрлерін қалпына келтіретін тату көршілік дипломатиясының тұжырымдамасын талқылауға арналды.
Болат Нұрғалиев «Бір белдеу-бір жол» стратегиялық бастамасы желісі бойынша өзара іс-қимыл, көрші елдермен сындарлы әріптестікті дамытуға қытайлық тәсілдің ерекшеліктері туралы өз пайымдауын баяндады.
Сөз мәтіні қоса беріледі.