+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Қытай сарапшыларымен кездесу

2023 жылғы 6 қарашада Сыртқы саяси зерттеулер институты Қытай қоғамдық ғылымдар Академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты директорының орынбасары Цзинь Чзже басшылығымен қытай сарапшыларының делегациясының қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

Кездесуге аталған Институттың және Шығыс Қытай педагогикалық университетінің Орталық Азияны зерттеу орталығының сарапшылары, сондай-ақ ССЗИ Басқарма төрағасының орынбасарлары, сыртқы байланыстар бөлімінің қызметкерлері қатысты.
Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев қытайлық әріптестерін Институт қызметінің басым бағыттарымен таныстырды.

Өз кезегінде Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты директорының орынбасары Цзинь Чзже ҚХР-дың осындай құрылымдарының ішіндегі ең беделділерінің бірі болып табылатын зерттеу орталығының өкілі ретінде негізгі міндеттері мен тәжірибелік іс-шаралары туралы хабардар етті.

Кездесу барысында халықаралық қауіпсіздіктің, ағымдағы екіжақты ынтымақтастықтың, ОА–ҚХР форматындағы өңірлік өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды. Сондай – ақ, «Бір белдеу-бір жол» бастамасын іске асыру және оны қазақстандық «Нұрлы жол» инфрақұрылымдық дамыту бағдарламасымен түйіндесу перспективалары бойынша пікір алмасты.

Аталған күні кешке Қытай қоғамдық ғылымдар академиясының Ресей, Шығыс Еуропа және Орталық Азия институты директоры Сунь Чжуанчжимен кездесу өтті. Академиялық салада екіжақты өзара іс-қимылды ілгерілету, тараптар сарапшыларының қатысуымен бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және тәжірибе алмасу жөніндегі одан әрі қадамдар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.