2023 жылғы 9 қарашада Сыртқы саяси зерттеулер институты Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов «Хабар 24» телеарнасына тікелей эфирде сұхбат берді, онда Қазақстан мен Ресей арасындағы өңіраралық байланыстарды мазмұнды толықтыру және дамыту перспективалары мәселелері егжей-тегжейлі баяндалды. Қостанайда өткен шекара маңы және өңіраралық ынтымақтастықтың XIX форумына ерекше назар аударылды.