2024 жылғы 12 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтының 2 курс магистранттары үшін «ашық сабақ» өткізді.
Б.Нұрғалиевтың сөзінде қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың жай-күйін талдау және болжамдау әдіснамасы, Қазақстанның жаһандық және өңірлік қауіпсіздікті нығайтудағы рөлі мәселелері қозғалды.
Магистранттарға Институттың аналитикалық қызметінің негізгі аспектілері бойынша және Қазақстанның сыртқы саяси бағытына қатысты түсініктемелер берілді.
Кездесуге Басқарма Төрағасының орынбасары М.Қабазиев та қатысты.