+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ Басқарма Төрағасының Пәкістанның Зерттеу орталығы Директорының орынбасарымен кездесуі

2023 жылғы 8 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиевтың қазақстандық талдамалық құрылымдармен жұмыс байланыстарын орнату үшін Астанаға келген Пәкістанның «Болашағы ортақ қоғамдастық орталығы» Директорының орынбасары Мариям Разамен кездесуі өтті. 

Б. Нұрғалиев сұхбаттасушыны Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясын іске асыру үдерісіндегі түйінді сәттер туралы айтты.

Сондай-ақ Институттың Пәкістан зерттеу орталығымен өзара іс-қимылының тәжірибелік мәселелері талқыланды, екіжақты өзара іс-қимылды ілгерілету жөніндегі одан әрі іс-шаралар туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.