+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ Басқарма Төрағасының Қазақстандағы Иран істеріндегі Уақытша сенім білдірілген өкілімен кездесуі

2023 жылғы 27 желтоқсанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиевтың Қазақстандағы Иран істеріндегі Уақытша сенім білдірілген өкілі Мохсен Читсаздың бастамасымен кездесуі өтті.

Кездесу барысында тараптар халықаралық және өңірлік ахуалдың өзекті мәселелерін талқылады, атап айтқанда, Орталық Азиядағы, Оңтүстік Кавказдағы және Таяу Шығыстағы ағымдағы ахуалдың бағаларымен бөлісті. ИИР Елшілігінің ССЗИ-дің сыртқы саяси мәселелермен айналысатын ирандық аналитикалық құрылымдармен серіктестігін кеңейтуге жәрдемдесу туралы келісімге қол жеткізілді.