2024 жылғы 16 наурызда Астанада Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының қолдауымен іске асырылатын «Талдау мектебі» жобасы шеңберінде құрылған Taldau Talks жаңа диалог алаңының тұсаукесері өтті.
Taldau Talks бірінші отырысы Орталық Азия елдерінің даму перспективалары, өңірлік ынтымақтастықты нығайту мәселелері тақырыбына арналды. Кездесуге арнайы қонақ ретінде шақырылған белгілі американдық сарапшы, Орталық Азия және Кавказ институтының негізін қалаушы профессор Фредерик Старр қатысты. Іс-шара Парламент Сенатының спикері Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевтың, Жас сарапшылар клубы мүшелерінің, Талдау мектебі түлектері мен тәлімгерлерінің, сондай-ақ басқа да аналитикалық құрылымдардың өкілдерінің қатысуымен өтті.
Іс-шараға Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев және Институт сарапшысы, Талдау мектебінің түлегі Гүлден Қасқарбаева қатысты.