+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Австрияның еуропалық саясат және қауіпсіздік саясаты институтының Директорлар кеңесінің мүшесімен кездесу

2024 жылғы 29 сәуірде ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Австрияның еуропалық саясат және қауіпсіздік саясаты институтының (AIES),  Директорлар кеңесінің мүшесі, саяси медиациямен айналысатын ірі ҮЕҰ - ның аға кеңесшісі – «Гуманитарлық диалог орталығы» (ГДО) Мартин Сайдикпен, ГДО өңірлік директорының орынбасары Клаудио Хабихтпен және ГДО Еуразия өңірі бойынша жобасының жетекшісі  Диана Алпысбаева кездесті. 
Шетелдік сарапшыларға Орталық Азия мен оның айналасындағы өңірлердегі ахуалды бағалау жеткізілді. Австрия және Швейцарияның зерттеу орталықтарының өкілдері өз кезегінде Қазақстан мен Орталық Азия елдерінің ЕО-мен қарым-қатынасына, Транскаспий халықаралық көлік дәлізінің жұмыс істеу барысына, Қазақстан мен Орталық Азия мен Оңтүстік Кавказ елдерінің өзара байланысының басқа да мәселелеріне қызығушылық танытты. Өңірдегі Еуроодақтың жаңартылған Стратегиясының параметрлері туралы қазақстандық және шетелдік көзқарастар егжей-тегжейлі талқыланды.
AIES пен Cыртқы саяси зерттеулер институты арасындағы ынтымақтастықты жолға қою жеке талқыланды. М. Сайдикке Өзара түсіністік туралы меморандум жобасы берілді. Австриялық серіктестердің қарауы және қол қою форматын анықтау туралы келісілді.