+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ МАНАРБЕК ҚАБАЗИЕВ «ЕГЕМЕН ҚАЗАҚСТАН» ГАЗЕТІНДЕ РЕСЕЙ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МЕМЛЕКЕТТІК САПАРЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА ТҮСІНІКТЕМЕ БЕРДІ

2026 жылғы 6 маусымда «Егемен Қазақстан» республикалық газетінде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтың Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путиннің Қазақстан Республикасына мемлекеттік сапарының қорытындыларына арналған «Еуразия кеңістігіндегі серіктестік бағдары» атты талдамалық мақаласы жарияланды.
Мақалада бұл сапардың әлемдік саяси және экономикалық жүйенің үздіксіз трансформациясы жағдайында Қазақстан-Ресей қатынастарын дамытудағы маңызды кезеңі болғаны атап өтіледі. Автордың пікірінше, келіссөздер барысында қол жеткізілген уағдаластықтар екі мемлекет арасындағы стратегиялық сенімнің жоғары деңгейін және олардың өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға дайындығын растайды.
Сапар барысында екіжақты әріптестіктің ұзақ мерзімді бағдарларын бекітетін және тараптардың еуразиялық кеңістікте орнықты және болжамды ынтымақтастықты дамытуға деген ұмтылысын көрсететін Қазақстан мен Ресей халықтарының достығы мен тату көршілігінің жеті негізі туралы Бірлескен мәлімдеменің маңыздылығына ерекше назар аударылды.
М.Қабазиев сондай-ақ Қазақстанның прагматизм, өзара пайда және ұлттық мүдделерді құрметтеу қағидаттарына негізделген өңірлік өзара байланыс және жаңа еуразиялық күн тәртібін қалыптастыру процестерінің негізгі қатысушыларының бірі ретіндегі рөлін атап өтті.
Мақаланың толық мәтіні келесі сілтеме арқылы қол жетімді:
 
https://egemen.kz/article/414252-euraziya-kenhistigindegi-seriktestik-baghdary