+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Боао Азия форумының дөңгелек үстеліне қатысу туралы

2024 жылғы 26 тамызда Бангкокта ССЗИ Басқарма төрағасы Болат Нұрғалиев «Әлемнің болашағы: Азия тұрғысынан» тақырыбындағы Боао Азия форумының (БАФ) дөңгелек үстеліне қатысты. 
БАФ – Азиядағы интеграциялық процестерді ілгерілету мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі халықаралық диалог алаңы болып табылады.
БАФ Директорлар кеңесінің төрағасы, БҰҰ бұрынғы Бас хатшысы Пан Ги Мунның және Форумның Бас хатшысы Чжан Цзянның төрағалығымен өткен іс-шараға Азия түрлі елдерінің беделді саясаткерлері мен халықаралық сарапшылары қатысты. Дөңгелек үстелі барысында геосаяси мәселелердің кең ауқымы, Азия-Тынық мұхиты аймағының қазіргі заманның өзекті сын-қатерлері мен қауіп-қатерлеріне оңтайлы ден қою шараларын іздеудегі рөлі мен орны талқыланды. 
Б.Нұрғалиев «Азияның жалпы өркендеуі жолындағы орнықты даму» сессиясында баяндама жасады (сөз мәтіні қоса беріледі).