+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«TabadLab»-пен жұмыс кездесуіне қатысу туралы

2024 жылғы 9 қыркүйекте ССЗИ қызметкерлері М.Ермекова мен Г.Қасқарбаева «TabadLab» Пәкістан зерттеу институтының басшылығымен ынтымақтастық перспективаларын талқылау мақсатында онлайн форматта жұмыс кездесуіне қатысты. 
Іс-шараға «TabadLab» зерттеу институтының Өңірлік және жаһандық байланыстар орталығының директоры З.Салахуддин, «TabadLab» Басқару және өңірлік өзара байланыс мәселелері жөніндегі орталығының өкілі С.Шахид, ҚСЗИ бас сарапшысы М.Асанбаев, сондай-ақ Қазақстанның ПИР-дағы Елшілігінің үшінші хатшысы Ж.Кадекова қатысты. 
Онлайн кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Пәкістанның талдау орталықтарының өзара іс-қимылын күшейтуге ықпал ететін Қазақстанда бірлескен іс-шараны ұйымдастыру бойынша алдағы қадамдар туралы пікір алмасты.