2024 жылғы 11 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев пен Институт сарапшысы Алмат Тоекин Астанадағы ӨР елшілігі ұйымдастырған Олий Мәжілісінің Заң шығару палатасына және жергілікті халық Кенгаш депутаттарының сайлауына арналған «дөңгелек үстел» жұмысына қатысты.
Өзбекстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар және олардың өңірдегі көршілермен ынтымақтастықты одан әрі дамыту перспективаларына әсері жөнінде пікір алмасты. Сонымен қатар, қатысушыларға шетелдегі отандастарды қолдау саласындағы мемлекеттік саясат туралы ақпарат берілді.
Алдағы 2024 жылғы 27 қазанда өтетін сайлау Өзбекстанның жаңартылған Конституциясымен айқындалған мүлдем жаңа қоғамдық-саяси ортада өтетіні атап өтілді. Ел тарихында тұңғыш рет олар аралас сайлау жүйесі - мажоритарлық-пропорционалды негізінде өтеді. Сайлау органдарының жаңа жүйесі енгізіледі, ал саяси партиялардан депутаттыққа кандидат әйелдердің үлесі кемінде 40 пайызды құрайды.
Сонымен қатар, бұл сайлаулардың алдыңғы сайлаулардан айырмашылығы, оларда алғаш рет «E-Saylov» жүйесі арқылы сайлау процесін бақылау мүмкіндігі пайда болды.
«Дөңгелек үстел» жұмысына мүдделі мемлекеттік органдардың, сараптамалық және талдамалық топтардың өкілдері, профессор-оқытушылар құрамы, сондай-ақ қазақстандық жоғары оқу орындарында оқитын өзбек студенттері қатысты.