2024 жылғы 24 қазанда Cыртқы саяси зерттеулер институтында Қазақстан Республикасының Ұлттық мерекесі – Республика күніне орай салтанатты жиналыс өтті.
Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Институт ұжымын құттықтап, әріптестеріне нәтижелі жұмысы үшін алғысын білдірді.
Сонымен қатар, сыртқы саяси қызметке белсенді қатысқаны және жүктелген қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін Cыртқы істер министрінің Құрмет грамоталарымен және Алғыс хаттарымен ССЗИ-дің бірқатар қызметкерлері марапатталды.