2025 жылдың 6 мамырында Сыртқы саяси зерттеулер институтының Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Пәкістан Сыртқы істер министрлігі жанындағы Өңірлік зерттеулер институты ұйымдастырған «Турбуленттік жағдайында бейбітшілік пен өркендеу жолдары» 2025 өңірлік диалогының «Экономикалық байланыстарды жолға қою: Иран, Пәкістан және Орталық Азия елдері арасындағы байланыс» панельдік сессиясында баяндама жасады.
Іс-шараға Пәкістан үкіметінің өкілдері, сондай-ақ Орталық және Оңтүстік Азия, Таяу Шығыс, Шығыс Азия, Еуропа және Солтүстік Америка елдерінің дипломаттары мен жетекші сарапшылары қатысты.
Өз сөзінде Б.Нұрғалиев Ауғанстанның қатысуымен Орталық және Оңтүстік Азия арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын, сондай-ақ қауіпсіздік сын-қатерлеріне бірлесіп ден қою және көлік, энергетика, сауда сияқты түрлі салалардағы өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.