office@sszi.kz Электрондық пошта
+7 7172 57 11 12 Телефон +7 7172 39 52 81 Кеңсе

ССЗИ Басқарма Төрағасы орынбасарының халықаралық конференцияға қатысуы туралы

2024 жылғы 2 қарашада ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев А.М.Горчаков атындағы Қоғамдық дипломатияны қолдау қоры мен Еуразиялық коммуникациялар орталығы ұйымдастырған «Көпполярлы әлемді қалыптастыру және Орталық Еуразияны дамыту траекториясы» атты халықаралық конференциясына қатысты.
Конференцияға Ресей, Қазақстан, Беларусь, Сербия және Тәжікстаннан келген мемлекеттік құрылымдардың, жетекші талдау орталықтары мен қоғамдық ұйымдардың өкілдері қатысып, әлемдік полицентризм, стратегиялық сын-қатерлер, сондай-ақ Еуразиядағы экономикалық интеграция перспективалары мәселелерін талқылады.