+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ Басқарма Төрағасының Жапонияның Астанадағы Елшілігінің Саяси бөлімінің басшысымен кездесу

2025 жылғы 30 қаңтарда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев жапон тарапының бастамасымен Жапонияның Астанадағы Елшілігінің Саяси бөлімінің басшысы Эйта Койчимен кездесті.
Б.Нұрғалиев сұхбаттасушыны Институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды, сондай-ақ Қазақстанның сыртқы саяси стратегиясын іске асыру үдерісіндегі түйінді сәттер туралы айтты.
Институттың сыртқы саяси мәселелермен айналысатын Жапонияның «ақыл-ой орталықтарымен» әлеуетті өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ бірлескен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу перспективалары талқыланды.