2025 жылғы 14 сәуірде ССЗИ сарапшысы Мұрат Жақыпбеков ҚР Ұлттық экономика министрлігінің қолдауымен БҰҰ Даму Бағдарламасы және «Экономикалық зерттеулер институты» АҚ бірлесіп дайындаған Орнықты даму мақсаттары бойынша Ерікті ұлттық шолу жобасының (ЕҰШ) «Тұрақты экономикалық өсу және өңірлік инфрақұрылымды дамыту үшін инновациялар» 3.3-бөлімінің онлайн-талқылауына қатысты. Пікірталас барысында М.Жақыпбеков талқыланған бөлімнің әрбір тармағы бойынша Қазақстанның жетістіктері көрсетілгенін, жұмысты одан әрі жалғастыруды қажет ететін мәселелер көтерілгенін атап өтті.