2025 жылғы 25 сәуірде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Астана халықаралық университеті Азия-Еуропа жаңа құрлық-теңіз көлік дәлізі ҒЗИ-мен бірлесіп ұйымдастырған «Болашаққа көпір: «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі білім және логистика» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелге Қазақстанның ғылыми мекемелерінің өкілдері, сондай-ақ қазақстандық және қытайлық саясаттанушылар қатысты.
Іс-шара барысында сыртқы саяси зерттеулер саласындағы Қазақстан мен Қытайдың жетекші сарапшылары логистика, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы қазақстан-қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, трансшекаралық ынтымақтастықты, Орталық Азиядағы көлік дәліздерінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.
М.Қабазиев «Қытай – Орталық Азия энергетикалық дәліздері» атты баяндама жасады.