+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Ресейлік сарапшылармен кездесу

2025 жылғы 29 сәуірде Сыртқы саяси зерттеулер институтында А.М. Горчаков атындағы Ресей жариялы дипломатияны қолдау қорының делегациясымен кездесу өтті.
Кездесуге Орталық Азия өңірі бойынша беделді мамандар, Ұлттық энергетикалық қауіпсіздік қоры, РҒА ӘЭХҚИ, РҒА Шығыстану институты, «Экономика Жоғары Мектебі» Ұлттық зерттеу университеті, А.Н.Косыгин атындағы РМУ Халықаралық білім беру институтының сарапшылары, сондай-ақ ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасарлары және Талдау және болжамдау тобының аға сарапшылары қатысты.
Қазақстан-Ресей ынтымақтастығының, сондай-ақ халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша жан-жақты пікір алмасу өтті. 
Екі елдің зерттеу мекемелері мен талдау орталықтары арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және байланыстарды қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.