2025 жылғы 2 мамырда CCЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Австрияның еуропалық саясат және қауіпсіздік саясаты институтының (AIES) Президенті Вернер Фасслабендпен және аталған институттың Директорлар кеңесінің мүшесі Мартин Сайдикпен онлайн форматта кездесу өткізді.
Кездесуге AIES ғылыми қызметкері Кристоф Шварц, ССЗИ сарапшылары Валерий Ситенко және Гүлден Қасқарбаева қатысты.
2024 жылдың маусым айында қол қойылған екі институт арасындағы Өзара түсіністік туралы меморандум аясында Орталық Азиядағы ЕО Стратегиясы бойынша өзара іс-қимыл мәселелерін қоса алғанда, ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша пікір алмасу өтті. Қазақстан-Австрия қатынастарының жай-күйі мен перспективалары, ықтимал перспективалық жобалар талқыланды.
Өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және тұрақты байланыстарды қолдау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.