2025 жылғы 28 мамырда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев «AIF – 2025» Астана халықаралық форумына қатысуына байланысты Астанаға келген Канаданың Бейбітшілік және дипломатия институтының атқарушы директоры Ю.Зангиабадимен кездесті. Орталық Азия мен оның айналасындағы өңірлердегі жағдайды, сондай-ақ ағымдағы геосаяси жағдайды қоса алғанда, көптеген мәселелер бойынша пікір алмасу болды.
Б.Нұрғалиев қазақстандық дипломатия шешетін өзекті мәселелер туралы брифинг өткізді, Халықаралық және өңірлік қауіпсіздіктің жай-күйіне, Қазақстанның негізгі әріптестерімен екіжақты форматта және интеграциялық бірлестіктер шеңберінде әртараптандырылған ынтымақтастығының перспективаларына баға берді. Сондай-ақ, Сыртқы саяси зерттеулер институтының практикалық қызметі және шет елдердің бейінді аналитикалық орталықтарымен әріптестік байланыстарды кеңейту жөніндегі іс-шаралар туралы айтып берді.
ССЗИ-дің Ю.Зангиабади басқаратын институтпен одан әрі байланыс орнату туралы келісімге қол жеткізілді.