2025 жылғы 10 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев, Басқарма Төрағасының орынбасары Амангелді Тәженов, Талдау және болжамдау тобының жетекшісі Қайрат Нұртазин Министрліктің Бас ақпараттық-талдау басқармасының бастығы Вячеслав Качанов бастаған Беларусь Республикасы СІМ делегациясымен кездесті.
В.Качанов ССЗИ өкілдері үшін Беларусь дипломатиясы шешіп отырған өзекті мәселелер туралы брифинг өткізді. Сонымен қатар ағымдағы жылда Минскіде Еуразиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша іс-шаралар өткізу жоспарлары туралы айтып өтті.
Өз тарапынан Болат Нұрғалиев Қазақстанның көпвекторлылығына баса назар аудара отырып, сыртқы саясатының басымдықтары туралы айтып, Қазақстан мен Беларусь арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың перспективаларына баға берді.