2025 жылғы 20 маусымда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Институт директоры Ли Цзыгоның басшылығымен Қытай халықаралық зерттеулер академиясының (ҚХЗА) Еуразияны зерттеу институтының делегациясын қабылдады.
Кездесу аясында Орталық Азия мен көршілес өңірлердегі ахуал мәселелері бойынша пікір алмасылды, Қытай-Орталық Азия қатынастарының жай-күйіне баға берілді, Қазақстан мен ҚХР арасындағы әртараптандырылған өзара іс-қимылды одан әрі дамыту жолдары талқыланды