+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Президент Тоқаевтың дипломатиясы» монографиясының тұсаукесеріне қатысу

2025 жылғы 12 тамызда Институт сарапшысы Гүлден Қасқарбаева Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты қызметкерлері тобының «Президент Тоқаевтың дипломатиясы» ұжымдық монографиясының тұсаукесеріне қатысты. 
Монографияда Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың еліміздің қазіргі заманның жаһандық сын-қатерлеріне көзқарастарын бейімдеу, халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері бойынша барабар шешімдер әзірлеу, сондай-ақ Қазақстанның негізгі әріптестермен қарым-қатынасы бойынша сыртқы саяси қызметіне кешенді талдау ұсынылған. 
Іс-шараға қазақстандық талдау орталықтары мен университеттердің өкілдері қатысты.