+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«ЫНТЫМАҚТАСТЫҚТЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ БОЙЫНША «ОРТАЛЫҚ АЗИЯ – ҚЫТАЙ» ЕКІНШІ САММИТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ ТУРАЛЫ» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛГЕ ҚАТЫСУ

2025 жылғы 29 тамызда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Астана халықаралық университеті, Азия-Еуропа жаңа құрлық-теңіз көлік дәлізінің ҒЗИ, «Белес» Талдау орталығы және Еуразиялық халықаралық зерттеулер ассоциациясы бірлесіп ұйымдастырған «Орталық Азия-Қытай» екінші саммитінің уағдаластықтарын тәжірибелік өлшеу» атты дөңгелек үстелге қатысты.
Дөңгелек үстелге ҚР СІМ, Қытай, Өзбекстан және Қырғызстан елшіліктерінің өкілдері, сондай-ақ инвестиция, өнеркәсіп, энергетика, цифрландыру, логистика, білім беру және ғылыми зерттеулер саласындағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелерін, трансшекаралық ынтымақтастықты, Орталық Азиядағы көлік дәліздерінің жай-күйі мен даму перспективаларын талқылаған қазақстандық және қытайлық сарапшылар қатысты.
М. Қабазиев «Цифрлық Жібек жолы және технологиялық егемендік» атты баяндама жасады.