+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Арменияның Қолданбалы саяси зерттеулер институтының (APRI) ғылыми қызметкерімен кездесу

2025 жылғы 18 қыркүйекте ССЗИ сарапшысы Алмат Тоекин Арменияның Қолданбалы саяси зерттеулер институтының (APRI) ғылыми қызметкері Сергей Мелконянмен кездесу өткізді. А.Тоекин ССЗИ функциялары мен міндеттері, Қазақстанның сыртқы саясатының көпвекторлығы туралы айтып, Қазақстан мен Армения арасындағы екіжақты қатынастардың даму перспективаларына баға берді. Өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері, Оңтүстік Кавказдағы ахуалды дамыту перспективалары, сондай-ақ халықаралық көлік дәліздері шеңберіндегі өңір елдерінің өзара іс-қимылы жөнінде пікір алмасты.