2025 жылғы 25 қыркүйекте ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев А.М.Горчаков атындағы Қоғамдық дипломатия қорының қолдауымен «Өңірлік интеграцияны зерттеу институты» ұйымдастырған «Ресей – Қазақстан – Қытай: ортақ сын-қатерлер және ынтымақтастықтың болашағы» халықаралық пікірталас платформасының жұмысына қатысты. Қатысушылар арасында Қазақстан, Ресей және Қытайдан 40-тан астам дипломаттар мен сарапшылар болды.
Пленарлық сессияларда сөйлеген сөздерінде үшжақты диалогтың маңыздылығы және өңірлік өзара іс-қимылды ілгерілетудегі еліміздің рөлі атап өтілді.
Сондай-ақ, өңірлік қауіпсіздік, мүдделер тепе-теңдігін сақтау мәселелері, сондай-ақ сенімді нығайту және кооперацияны кеңейту құралдары талқыланды.
М.Қабазиев «Ресей, Қазақстан және Қытай: жаһандық турбуленттілік жағдайындағы стратегиялық әріптестік» атты баяндама жасады.