2025 жылғы 7 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының аға сарапшысы Сергей Савельев Қазақстанның ПИР-дағы Елшілігі мен Исламабадтағы Саяси зерттеулер институты ұйымдастырған «Болашақты бірлесіп құру: Қазақстан Президентінің сапары қарсаңында Пәкістан-Қазақстан қарым қатынастарын дамыту перспективалары» атты дөңгелек үстелге онлайн қатысты.
С.Савельев «ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың сыртқы саяси бағыты» тақырыбы бойынша баяндама жасады.
Іс-шараға ҚР Президенті жанындағы Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институтының және Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығының өкілдері қатысты.
Пәкістан тарапынан ПИР Сыртқы істер министрілігі қызметкерлері мен жетекші саясаттанушылар қатысты. Ақапарттық жүйе және телекоммуникация министрі Ш. Хаваджа жеке жолдау жасады.