2025 жылғы 7 қазанда Сыртқы саяси зерттеулер институтының сарапшысы Алмат Тоекин Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Қорғаныс министрлігімен және Халықаралық Қызыл Крест комитетімен (ХҚКК) бірлесіп ұйымдастырған халықаралық гуманитарлық құқыққа (ХГҚ) саяси міндеттемені күшейту жөніндегі жаһандық бастама бойынша Өңірлік конференцияға қатысты. Іс-шарада ҚР Қорғаныс Министрінің орынбасары Серік Бурамбаев, ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Артур Ластаев, ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі Станислав Василенко, Орталық Азиядағы ХҚКК өңірлік делегациясының басшысы Биляна Милошевич және ХҚКК жаһандық бастамасы бойынша басшысы Анн Кентен сөз сөйледі.
Конференцияға Орталық Азия елдерінің, сондай-ақ Бразилия, Франция, Оңтүстік Африка және Иорданияның дипломатиялық миссияларының басшылары мен қызметкерлері қатысты.