2025 жылғы 29 қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев Финляндия президенті Александр Стуббтың Қазақстанға ресми сапары аясында Maqsut Narikbayev University-де өткен фин мемлекеті басшысының қазақстандық сарапшылар қауымдастығының өкілдерімен кездесуіне қатысты.
 Іс-шара барысында Қазақстанның және Орталық Азия елдерінің Финляндиямен, Еуроодақпен, сондай-ақ негізгі серіктестермен өзара іс-қимыл перспективаларын қоса алғанда, Қазақстанның сыртқы саясатының, халықаралық және өңірлік күн тәртібінің өзекті мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу өтті.
.jpg)
.jpg)