+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

Бейжіңдегі UNITAR орталығының Төрағасымен кездесу

2025 жылғы 31 Қазанда ССЗИ Басқарма Төрағасы Болат Нұрғалиев БҰҰ оқу және зерттеу институтының (UNITAR) Бейжіңдегі өкілдігінің басшысы Ли Чжиюнмен және оның қызметкерлерімен кездесу өткізді. 
Б.Нұрғалиев қытайлық әріптестерін институт қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Ли Чжиюн Бейжіңдегі UNITAR орталығының жұмысы және оның Алматы қаласында Орталық Азия өкілдігін ашу жоспары туралы ақпарат берді. 
Климаттың өзгеруі, қауіпсіздік, орнықты даму, сондай-ақ қоршаған орта мәселелерін қоса алғанда, өзекті жаһандық және өңірлік сын-қатерлер бойынша пікір алмасу болды. 
Өзара іс-қимылды одан әрі дамыту және екі құрылым арасындағы тұрақты байланыстарды сақтау туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.