2025 жылғы 5 қарашада ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев ұлы державалар қатынастарын зерттеу бөлімінің басшысы Чжун Фэйтэн басшылығымен Қытай Қоғамдық ғылымдар академиясының Ұлттық халықаралық стратегия институтының делегациясымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында саяси, экономикалық және гуманитарлық салалардағы Қазақстан-Қытай ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сондай – ақ ШЫҰ, С5+ форматы және «Бір белдеу – бір жол» стратегиялық бастамасын іске асыру бойынша пікір алмасу өтті.
Екі институт арасындағы одан әрі өзара іс-қимыл туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

