2025 жылғы 7 қарашада ССЗИ Талдау және болжамдау тобының сарапшысы Нұржан Өмірбек «Jibek joly» телеарнасының сұрақтарына жауап беріп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ресейге алдағы мемлекеттік сапарының маңыздылығы туралы толық түсініктеме берді. Мемлекеттік сапар екі елдің жан-жақты өзара іс-қимылын нығайтудағы маңызды кезең болатынын, сондай-ақ қатынастардың жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық деңгейіне шығуын растайтынын атап өтті.
