2026 жылғы 11 наурызда ССЗИ сарапшылары Сергей Савельев, Алмат Тоекин және Гүлден Қасқарбаева Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты мен Қоғамдық саясат институты бірлесіп ұйымдастырған «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты пікірталас алаңының жұмысына қатысты.
Іс-шараға сондай-ақ Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты.
Кездесу барысында Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясы жобасының негізгі ережелері, сондай-ақ реформалардың мемлекеттің институционалдық дамуының негіздерін нығайтудағы маңызы талқыланды.

