2026 жылғы 8 шілдеде ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының (АҚИҰ) өкілдерімен кездесу өткізді.
Кездесуге АҚИҰ Бас директорының Кабинет басшысы Елші Азамат Бердібай, Бас директордың кеңесшісі д-р Мұхаммад Юсуф Хан, қоғаммен байланыс жөніндегі қызметкер Елдана Анварова қатысты. ССЗИ тарапынан кездесуге Институт сарапшысы Ержан Қалекенов те қатысты.
Кездесу барысында екі ұйым қызметінің негізгі бағыттары туралы ақпарат, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастықты нығайтудың және ислам әлеміндегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы бастамаларды ілгерілетудің өзекті мәселелері бойынша пікір алмасу өтті.
Сараптамалық өзара іс-қимылды дамыту, талдамалық материалдармен алмасу және ғылыми-зерттеу ынтымақтастығын кеңейту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға, тұрақты жұмыс байланыстарын қолдауға, сондай-ақ азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі Ислам Ұйымының мамандандырылған басылымдарында ССЗИ қызметкерлерінің ғылыми және сараптамалық мақалаларын жариялауды қоса алғанда, бірлескен ақпараттық-талдамалық бастамаларды іске асыруға өзара мүдделілігін растады.
Кездесу сындарлы және өзара түсіністік жағдайында өтті, қатысушылар азық-түлік қауіпсіздігі, тұрақты даму және халықаралық ынтымақтастықты нығайту мәселелері бойынша сараптамалық диалогты дамытуға өзара дайындығын растады.
.jpeg)
.jpeg)