+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және корпоративтік мәдениетті дамыту: комплаенс-қызметтердің рөлі» республикалық диалог алаңының жұмысына қатысу

2026 жылғы 29 қыркүйекте ССЗИ комплаенс-офицері Алмат Тоекин «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ағарту және корпоративтік мәдениетті дамыту: комплаенс-қызметтердің рөлі» республикалық диалог алаңының жұмысына қатысты. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі ұйымдастырған іс-шараға ҚР министрліктерінің, ведомстволарының және ұлттық компанияларының 170-ке жуық комплаенс-қызметтері қатысты. 
Форумда «Қоғамда төзбеушілік пен сыбайлас жемқорлық атмосферасын қалыптастыру моделі туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін әлеуметтік нормалар мен қоғамдық көзқарастар жүйесі», «Қоғамда төзбеушілік пен сыбайлас жемқорлық атмосферасын қалыптастыру жөніндегі жұмыстың бағыттары мен ұйымдастырылуы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жөніндегі материалдарды дайындау және тарату жөніндегі ұсынымдар» мәселелері қаралды.