2026 жылғы 1 қазанда «Қазақстан-Спектр» ғылыми журналының №3 (114) санында «Еуразиялық логистика жүйесіндегі Орта дәліз: институционалдық трансформациялар және «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясындағы Қазақстанның рөлі» атты мақала жарияланды. Зерттеу авторларының бірі – ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев.
Мақалада Транскаспий халықаралық көлік маршрутының даму факторлары және оның еуразиялық көлік-логистикалық байланыстар жүйесінің тұрақты элементіне айналу үдерісі қарастырылады. Қазақстанның дәліздің негізгі инфрақұрылымдық және институционалдық тораптарының бірі ретіндегі рөліне, көлік инфрақұрылымын жаңғыртуға, сондай-ақ маршрутқа қатысушы мемлекеттер арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға ерекше назар аударылады.
Авторлар тасымалдардың тиімділігі мен болжамдылығын арттыру инфрақұрылымды дамытумен қатар, тарифтік саясатты үйлестіруді, құжат айналымын цифрландыруды және көлік рәсімдерін біріздендіруді қамтитын кешенді тәсілді талап ететінін атап өтеді.
Зерттеу қорытындылары Қазақстанның транзиттік әлеуетін одан әрі дамыту және еуразиялық байланыстылықты нығайту мәселелері бойынша сараптамалық пікірталас үшін маңызды.
Журналдың осы шығарылымымен мына сілтеме арқылы танысуға болады: https://journal-ks.kisi.kz/index.php/ks/issue/view/128 .
.jpg)
.jpg)