+7 7172 57 11 12

Телефон

+7 7172 39 52 81

Кеңсе

ССЗИ САРАПШЫСЫ АЗИЯДАҒЫ ӨЗАРА ІС-ҚИМЫЛ ЖӘНЕ СЕНІМ ШАРАЛАРЫ ЖӨНІНДЕГІ КЕҢЕСТІҢ VII САММИТІНІҢ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫНА ПІКІР БІЛДІРДІ

2026 жылғы 16 қазанда «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 15 қазанда Бакуде Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VII саммитінің қорытындыларына арналған «Диалогтан алдын алуға дейін: Қазақстан АӨСШК дамуының жаңа кезеңін айқындады» атты талдамалық материал жариялады.
Материалда ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиевтің АӨСШК-ні толыққанды халықаралық ұйымға институционалдық тұрғыдан трансформациялау перспективалары жөніндегі сараптамалық пікірі ұсынылды.
Сарапшы жаңа халықаралық-құқықтық мәртебеге ие болу ұлттық органдардан жоғары тұратын өкілеттіктердің немесе қақтығыстарды реттеудің міндетті тетіктерінің автоматты түрде қалыптасуын білдірмейтінін атап өтті. Оның пікірінше, трансформацияның табыстылығын айқындайтын негізгі критерий жинақталған саяси сенім капиталын көпжақты практикалық ынтымақтастықтың тиімді құралдарына айналдыру қабілеті.
Талдамалық материалда сондай-ақ Мемлекет басшысының Баку саммитінде ұсынған негізгі бастамалары, оның ішінде превентивті дипломатия тетіктерін дамыту, көлік-экономикалық өзара байланыстылықты нығайту, жасанды интеллект, су қауіпсіздігі және адами капитал салаларындағы ынтымақтастықты кеңейту мәселелері қарастырылды.
«ҚазАқпарат» ХАА сайтындағы жарияланымның толық мәтіні: https://www.inform.kz/ru/otdialoga-kpreduprezhdeniyu-kazahstan-oboznachil-noviy-etap-razvitiya-svmda-afdb5e2b