2026 жылғы 18 қазанда Қытайға жұмыс сапары аясында ССЗИ Басқарма Төрағасының орынбасары Манарбек Қабазиев Орталық Азия мемлекеттерінің ғылыми-эксперттік қоғамдастығы өкілдерінің Чжэцзян қаржы және экономика университетінің ректоры Чэнь Яньтаймен өткен ұжымдық кездесуіне қатысты. Кездесу «Орталық Азиямен танысу: цифрландыру жағдайындағы Қытай мен Орталық Азия ынтымақтастығын дамытудың инновациялық жолдары» атты халықаралық симпозиум аясында өтті.
Кездесу барысында Қытай мен Орталық Азия мемлекеттері арасындағы ғылыми-білім беру және сараптамалық-талдамалық ынтымақтастықты кеңейту перспективалары, бірлескен зерттеу бастамаларын дамыту, академиялық алмасулар және мамандар даярлау мәселелері талқыланды. Ректор Чэнь Яньтай Чжэцзян провинциясы мен Орталық Азия арасындағы тарихи өзара байланыстарды, сондай-ақ цифрлық сауданың, трансшекаралық электрондық коммерцияның және көлік-логистикалық байланыстардың артып келе жатқан маңызын атап өтті. Университет жанындағы Орталық Азияны зерттеу институтын дамытуға және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты кеңейтуге ерекше назар аударылды.
ССЗИ өкілінің аталған кездесуге қатысуы Қытай мен Орталық Азияның зерттеу ұйымдарымен кәсіби байланыстарды нығайтуға, өңірлік даму мәселелері бойынша сараптамалық тәсілдер алмасуға және одан әрі ынтымақтастықтың перспективалы бағыттарын айқындауға ықпал етті. Мұндай өзара іс-қимыл форматтары Қазақстан мен Қытай арасындағы сараптамалық диалогты кеңейту және академиялық дипломатияны дамыту үшін маңызды.
.jpg)